ШЫМКЕНТ: «ЕРЛІК ДАҢҚЫ МӘҢГІЛІК!» КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ.
Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлік даңқы мәңгілік!» атты кітап көрмесі өтті.
Іс-шараның мақсаты — өскелең ұрпаққа өз елін сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу және Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұрпақ жадында сақтау.
Іс-шараға қаладағы Алпамыс батыр атындағы №40 орта мектеп, Қ. Спатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицей оқушылары мен М. Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің студенттері қатысты.
Шара барысында жастарға Ұлы Отан соғысының тарихы туралы, ақпарат беріліп, Қазақстандықтардың майдан шебіндегі маңызды рөлі мен орны туралы кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ, жас ұрпақты тәрбиелеу және тарихи жадыны сақтау мақсатында Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батыр жауынгерлер туралы, олардың мұрасын сақтау жолындағы еңбектері, кітаптары мен тағылымды сөздері туралы сөз қозғалып, жастарға таныстырылды.
Сонымен қатар, даңқты қолбасшы, «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы, Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың – 105 жылдығы және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың – 100 жылдығына орай тақырыптық іс-шаралар өткізілді.
Больше историй
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖАЙЛЫ САУАТТЫ АРТТЫРУ ЖОБАСЫ
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...
«SAQ-2024» жобасы оқытудың инновациялық компоненттерін енгізген
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...
Шымкентте жастардың психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған «I-Sana» жобасы жүзеге асырылды
Қоғамда соңғы жылдары жастардың психологиялық жай-күйіне қатысты мәселелер жиілей түсті. Әлеуметтік қысымның артуы, интернеттегі буллинг, жалғыздық сезімі, стресс пен тәуелділік...
Жұмат Шаниннің туған жеріне тағзым
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры «Шымнан шуақ» атты гастрольдік сапары аясында ұлы ұстазы, театр өнерінің негізін...
ШЫМНАН ШУАҚ
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры “Шымнан шуақ” атты гастрольдік сапарын Павлодар қаласынан бастады. Өнер ұжымы Жүсіпбек...
Шеврон және ҚазМұнайГаз стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Нью—Йорк, АҚШ, 2025 жылғы 22 қыркүйек – “Шеврон” корпорациясы (NYSE: CVX) өзінің филиалы “Шеврон Мұнайгаз Инк.” (бұдан әрі – “Шеврон”)...

Average Rating