ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Read Time:1 Minute, 1 Second
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте мемлекеттік сатып алу саласындағы атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер талқыланды. Өңір басшысы бюджетті тиімді әрі мақсатты игеріп, жобаларды уақтылы жүзеге асыру керектігін айтты.

📌– Жобаларды уақтылы жүзеге асыру керек. Жауапты басқарма аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларымен тығыз байланыста жұмыс істесін. Жауапты басшылар мен мамандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, семинарлар өткізіңіздер. Мемлекеттік сатып алу процестері заң талабына сай әрі жүйелі атқарылуы тиіс. Осы салада кемшілікке жол берген басшылардың жауапкершіліктерін қарау туралы ұсыныс енгізілсін, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Марлен Қалдаровтың айтуынша, басқармаға 2024 жылдың басынан тапсырыс берушілерден жалпы сомасы 216,3 млрд теңгеге 1 346 өтінім келіп түскен. Оның ішінде жұмыстарға – 97,8 млрд теңгеге 338 өтінім түссе, қызметтер бойынша 27,2 млрд теңгеге 598 өтінім қабылданған. Тауарлар бойынша 91,3 млрд теңге 410 өтінім түскен. Бүгінгі таңда 216,3 млрд теңгеге 1345 өтінімнің жұмысы аяқталған. Былтыр өтінімдер 2023 жылмен салыстырғанда 80%-ға немесе 90,7 млрд теңгеге ұлғайған.
✔️Жиында мемлекеттік сатып алу саласындағы кемшіліктер де айтылып, тиісті сын-ескертпелер берілді. Облыс әкімі жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширату жөнінде тапсырма беріп, нақты міндеттер жүктеді. Қаржының уақтылы игерілуі, ел мүддесіне жұмсалуы, жобалардың жүзеге асырылуы қатаң бақылауда болады.
Happy
Happy
0 %
Sad
Sad
0 %
Excited
Excited
0 %
Sleepy
Sleepy
0 %
Angry
Angry
0 %
Surprise
Surprise
0 %

Average Rating

5 Star
0%
4 Star
0%
3 Star
0%
2 Star
0%
1 Star
0%

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись Ер адам үш адамды аяусыз өртеп жіберді
Следующая запись ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕГІС КӨЛЕМІН 906 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛУДЕ