ТҮРКІСТАН: ЖАС САПЕРЛЕР КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАДЫ

Read Time:56 Second
Абай гарнизонының инженер-саперлері «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының далалық жаттығу полигонында жауынгерлік дайындық сабақтарын пысықтады. 54770 әскери бөлімі жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес жас сарбаздарға алғаш рет жарылысқа қатысты дайындықты іске асыртып көрді.

Аталған шара алдымен тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен қауіпсіздік шараларын жеткізумен басталды. Инженерлер қалашығындағы оқу нүктелерінде жарылыс жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік ережелері, арнайы құралдарды қолдану мен тәсілдері жете түсіндірілді. Сондай-ақ оттық және электр тәсілдерімен жарылыс жұмыстарының барысы мен ерекшеліктері баяндалды.
​Сарбаздар осы уақытқа дейін алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырып, жару жұмыстарына қызығушылықпен және ыждағаттылықпен қатысты. Солардың бірі – мерзімді әскери қызметін өтеуші қатардағы жауынгер Жасұлан Нүсіпжан. Жас сарбаз жару жұмыстарына тікелей қатысып, өз көзімен көру басқаша әсер қалдыратынын айтты.
​– Отан алдындағы борышымды атқарып жатқаныма екі айдан астам уақыт болып қалыпты. Бүгін алғаш рет жару жұмыстарына қатыстық. Осыған дейін алған білімімізді іс жүзінде іске асырып көрдік. Барлығы ойдағыдай өтті. Білімімізді шыңдап, барлығын үйретіп жатқан офицерлер мен сержанттар құрамына алғысым шексіз. Алдағы уақытта да жауынгерлік даярлығымызды шыңдап, батылдығымызды баптаймыз, – дейді жас сарбаз Жасұлан Нүсіпжан.
​Жарылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталды. Айта кетуіміз керек, жас сарбаздардың жауынгерлік даярлығы еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталады.
Happy
Happy
0 %
Sad
Sad
0 %
Excited
Excited
0 %
Sleepy
Sleepy
0 %
Angry
Angry
0 %
Surprise
Surprise
0 %

Average Rating

5 Star
0%
4 Star
0%
3 Star
0%
2 Star
0%
1 Star
0%

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
Следующая запись ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ