ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қалдықараев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагері Маржанкүл Қуанышбаеваның шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.
1936 жылы дүниеге келген Маржанкүл Қуанышбаева – бес перзентті тәрбиелеп, ұрпақ өсіруге бар ғұмырын арнаған ардақты ана. Ісмерлікті өміріне серік еткен тыл ардагері бүгінде 89 жаста. Соған қарамастан құрақ құрап, ұлттық нақыштағы бұйымдар тігу ісімен айналысып келеді.
Кездесу барысында Құдайберген Қалдықараев ардагерге шипажайға жолдама табыстап, ел игілігі жолындағы еңбегі үшін ризашылығын білдірді.
– Бүгінгі бейбіт өміріміз – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. Сіздер – өскелең ұрпаққа үлгісіздер, – деді басқарма басшысының орынбасары.
Больше историй
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖАЙЛЫ САУАТТЫ АРТТЫРУ ЖОБАСЫ
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...
«SAQ-2024» жобасы оқытудың инновациялық компоненттерін енгізген
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...
Шымкентте жастардың психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған «I-Sana» жобасы жүзеге асырылды
Қоғамда соңғы жылдары жастардың психологиялық жай-күйіне қатысты мәселелер жиілей түсті. Әлеуметтік қысымның артуы, интернеттегі буллинг, жалғыздық сезімі, стресс пен тәуелділік...
Жұмат Шаниннің туған жеріне тағзым
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры «Шымнан шуақ» атты гастрольдік сапары аясында ұлы ұстазы, театр өнерінің негізін...
ШЫМНАН ШУАҚ
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры “Шымнан шуақ” атты гастрольдік сапарын Павлодар қаласынан бастады. Өнер ұжымы Жүсіпбек...
Шеврон және ҚазМұнайГаз стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Нью—Йорк, АҚШ, 2025 жылғы 22 қыркүйек – “Шеврон” корпорациясы (NYSE: CVX) өзінің филиалы “Шеврон Мұнайгаз Инк.” (бұдан әрі – “Шеврон”)...

Average Rating