ШЫМКЕНТ: БАТЫРЛАРДЫҢ БАТЫЛДЫҒЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Read Time:54 Second

 

Жастар ресурстық орталығы ғимаратында «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» атты Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ардагерлерді ардақтайық» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – соғыс және тыл ардагерлерінің батырлығы мен ерлікке толы еңбектерін дәріптеу, өскелең ұрпаққа үлгі ету.

Іс-шараға Тұран ауданы әкімінің орынбасары Бахыт Мелдебеков, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Абдезов, сондай-ақ, қалалық ардагерлер кенесінің өкілдері қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында Ербол Байқонысов жиналғандарды Жеңіс күнімен құттықтап, өзінің ізгі тілектерін білдірді.

— «Біз бүгін бейбіт өмірдің қадірін түсіну үшін өткеннің ауыр сабақтарын ұмытпауымыз керек. Ардагерлеріміздің жанқиярлық ерлігі мен маңдай терімен келген жеңіс – тарихымыздың алтын парағы. Осындай шаралар арқылы біз өскелең ұрпаққа отансүйгіштік пен рухани құндылықтарды сіңіріп, батырларымыздың ерлігін дәріптейміз», – деп атап өтті.

Іс-шара аясында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табысталды. Ардагерлердің құрметіне арнайы сахналық қойылымдар қойылып, «Шығыстың қос жұлдызы» — қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің бейнелері сахналанды. Сондай-ақ, іс-шарада Саз колледжінің студентері мен Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімі оркестрінің өнерпаздары соғыс тақырыбындағы әндерді орындап, тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Happy
Happy
0 %
Sad
Sad
0 %
Excited
Excited
0 %
Sleepy
Sleepy
0 %
Angry
Angry
0 %
Surprise
Surprise
0 %

Average Rating

5 Star
0%
4 Star
0%
3 Star
0%
2 Star
0%
1 Star
0%

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ТҰРАҚТЫ ӨСУ БАР
Следующая запись 🚀 Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды