🚀 Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Read Time:1 Minute, 7 Second

 

📍 Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты.

⚡️ Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.

🇰🇿 Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:

🥇Рамазан Бутантаев — 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы;

🥈Самир Сарбасов — 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы;

🥉Тимур Кантаев — 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы;

🥉Зере Серікова — 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы;

🥉Темірлан Сейтбаттал — 11 сынып, БИЛ, Ақмола облысы.

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

✅ Ислам Сипатталов — 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы;

✅ Шыңғыс Қарасаев — 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы;

✅ Арон Хасанов — 11 сынып, БИЛ, Атырау қаласы.

👩🏻‍💼 Лингвистикадан ҚР құрама командасының жаттықтырушысы — лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті — Аида Давлетова.

👏🏻 Оқушыларымызды тамаша нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

📌 Анықтама үшін:
Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық лингвистикалық олимпиада. Бұл олимпиада логикалық ойлау, тілдік түйсігі мен мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға бағытталған және Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысуға жол ашады. APLO — оқушыларға халықаралық деңгейде өздерін сынап көруге және академиялық ортада таныла түсуге үлкен мүмкіндік береді.

Happy
Happy
0 %
Sad
Sad
0 %
Excited
Excited
0 %
Sleepy
Sleepy
0 %
Angry
Angry
0 %
Surprise
Surprise
0 %

Average Rating

5 Star
0%
4 Star
0%
3 Star
0%
2 Star
0%
1 Star
0%

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Предыдущая запись ШЫМКЕНТ: БАТЫРЛАРДЫҢ БАТЫЛДЫҒЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Следующая запись Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады